Бұл адам бұрын түрмеде болған, деп жазады Timeskz.kz. Сол абақтыдан көрген айуандықты жұбайына қолданған сияқты. Оқтаумен зорланған әйелдің іш құрылысына қатты зақым келген.
Сот барысында әлгіндей қорлыққа куә болған балалардан да жауап алынды. Ал айыпталушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ азап көрген әйел кешірім бермеді.
Процеске төрағалық еткен ОҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған аудандық сотының судьясы С.Темірәлиевке болған жәйт қатты әсер етіпті. Ол шыдай алмай, сотталушыны "адам кейпіндегі айуан" деп салды. Сөйтіп, оны кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.