Қазақстандық дзюдошылар «Grand Prix» турнирінде екі алтын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дзюдошылар «Grand Prix» турнирінде екі алтын алды

Қазақстандық дзюдошылар «Grand Prix» турнирінде екі алтын алды

Анталияда дзюдодан халықаралық «Grand Prix» турнирінің бірінші күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі алтын медальмен 34 ел ішінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 8 Сәуiр 2017
  • 1430
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 48 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Галбадрах Отгонцэцэг Түркия татамиінде ел намысын абыроймен қорғады. Ол бірінші кездесуінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен, жартылай финалда Ресей спортшысы Гилязова Сабинаны вазари ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда Ришони Шираны (Израиль) ұтып, «Grand Prix» турнирінің чемпионы болды. Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Алғашқы белдесуін түркіменстандық Батыр Гирбаниязовқа қарсы өткізіп, вазари ұпайын еншіледі. Іріктеу кезеңінің екінші белдесуінде моңғол спортшысы Баяра Амартувшинді ұтса, жартылай финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйден басым түсті. Финалдағы қарсыласы Озлу Бекирді голден скорда (қосымша уақыт) вазари ұпайымен жеңіп, ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды. 7 сәуірде басталған «Grand Prix» турнирі 9 сәуірге дейін жалғасады. Әлемнің 34 елінен 252 дзюдошы тіркелген бұл жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 22 спортшы қатысып жатыр.



 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера