2017 жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы жүйеге енеді
«Жобалардың аяқталуына қарай кезең-кезеңмен жолдарға ақылы жүйені енгізу ескерілген. Осы орайда жолдарды күтіп ұстау қамтамасыз етіліп, бюджетке жүктемені төмендетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай ақылы жүйе 6 мың шақырымға, ал кейіннен 7 мың шақырымға дейін енгізіледі. Ағымдағы жылдың желтоқсанында «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» учаскелерінде төлем жасау жүйесі іске қосылады. Осы жолдардың жалпы қашықтығы 500 шықырымға жуық», – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
«Тариф құны өзгерген жоқ, яғни жеңіл автокөлік үшін шақырымына 1 теңге, ал жүк көліктеріне 6-дан 10 теңгеге дейін. Осы ретте бюджеттік қаржыландырусыз жолдың сапалы деңгейін сақтауға мүмкіндік бар. 2022 жылға дейін 7 мың шақырым