Тасқын туралы хабарлайтын телефон қызметі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасқын туралы хабарлайтын телефон қызметі іске қосылды

Тасқын туралы хабарлайтын телефон қызметі іске қосылды

Ақмола облысында ағын суға қатысты ақпарат беретін және су тасқыны кезінде халыққа қызмет көрсететін «қауырт желі» іске қосылды.

  • 11 Сәуiр 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, "Хабар 24" хабарлады.

Аймақтың кез-келген тұрғыны 8-(716 2)-50-26-75 телефон нөміріне хабарласып, көктемгі су тасқынына байланысты өздерін алаңдатқан мәселелерге жауап ала алады. Айта кетейік, қазір аймақта апаттың алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр. Көптеген елді мекендерде суды ауылдан сыртқа шығаратын арнайы арықтар қазылуда. Бүгінде өңірде 119 елді мекенді су басуы мүмкін деген қауіп бар. Оларда 23 мың халық тұрады. Тасқын бола қалған жағдайда халықты көшіретін 200-ден астам эвакуациялық орындар әзірленген.
 

Перейти к новостям спорта