Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді деп хабарланған еді. Алайда Сондерспен Головкин айқасы кейінге шегерілді. Қарсылас жақ бұған Головкиннің жарақат алуы себеп болғанын айтты. Ал, Головкиннің бапкері спортшының ауыр жарақат алғанын теріске шығарды.
Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.