Бұл туралы 13-15 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасаған "Қазгидрометтің" мәліметіне сүйеніп, Caravan.kz хабарлады.
13 сәуірде республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында суық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтілуде, таулы аймақтарда жаңбыр, сулы қар және екпінді күшті жел күтілуде.
Батыс өңірлерде салқын атмосфералық фронттардың артынан Кавказ өңірлерімен антициклон ауысады. Алайда Жерорта теңізі мен Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарда циклондар қалыптасып, еліміздің шығыс аймақтарында антициклондар ауысады. Солардың әсерінен Қазақстанның батыс бөліктерінде, 15 сәуірде циклондар әсерінде болып жауын-шашын, найзағай күтіледі және оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.