Алматы облысында айуандықпен өлтірілген үш ағайындының туыстарына шабуыл жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында айуандықпен өлтірілген үш ағайындының туыстарына шабуыл жасалған

Алматы облысында айуандықпен өлтірілген үш ағайындының туыстарына шабуыл жасалған

Былтыр қыркүйек айында Алматы облысында айуандықпен өлтірілген үш ағайындының туыстарына сол қаралы оқиғадан бірнеше ай бұрын қарақшылық шабуыл жасалған деп жазады Informburo.kz. Қазір бұл іс бойынша күдіктілер ұсталып, сотталғалы жатыр.

  • 14 Сәуiр 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Марқұм Мұқият Зарылханның туған ағасы Адал Зарылханның айтуынша, бұл оқиға 2016 жылдың 5 мамырында орын алған екен. Отағасы үйде жоқ кезде белгісіз үш адам шаңыраққа басып кіріп, әйелі мен бала-шағасын байлап, 1,5 млн теңге мен бағалы заттарды алып кетіпті.

"Ол кезде мен балаларыммен – 16 жастағы қызым, 12 және 5 жасар ұлдарыммен үйде отырғанмын. Қарақшылар терезені сындырып, үйге басып кірді. Балалар қатты қорқып қалды, айқайлап жылай бастады. Қылмыскерлер болса аяқ-қолымызды байлап, балалардың дыбысы шықпас үшін ауыздарын скотчпен жабыстырып тастады. Мен бізді өлтіретін шығар деп ойладым, жалынып жайымызға қоя берулерін сұрадым. Олар ақшаны алды да кетіп қалды", – дейді Адал Зарылханның әйелі Бұлбұлхан Қызырқызы.

Қарақшыларды ұстау үшін полицейлер бірнеше ай іздеу жұмыстарын жүргізген. Жуырда ұсталған күдіктілердің ісі Алматы облысы Ескелді аудандық сотына келіп түсті. Айыпталып отқан Бауыржан Есжанов, Талғат Сыздықов және Бақберді Жәлелхан өздеріне тағылған айыптарды толық мойындап отыр. Олар тіпті келтірілген шығынды өтейтіндерін айтып, кешірім сұрауда.

Бұлбұлхан Қызырқызы болса өздерін тонаған қарақшыларды кешіруге дайын. Тек үшеуі алып кеткен 1,5 миллион теңгеден бөлек материалды шығын ретінде тағы 3 миллион теңге берулері керек. Ал, айыптылар кешірім алса шартты түрде жазалануы мүмкін.


Еске салайық, былтыр қыркүйек айында ағайынды Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарылханұлы және Әлімхан Қаділбекті Алматы облысында айуандықпен өлтірілген болатын. Қылмыскерлер оларды 40 бас ірі қара үшін жайратып салған.