Депутаттың айтуынша, елімізде отбасы, әйелдер мен жастар проблемаларын шешуге арналған бірде-бір орган жоқ. Осыған орай Балиева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан жаңа министрлік құруды сұрап отыр.
"Бүгінгі таңда жастар ісі бір министрліктің қарауында болса, балалардың құқығын қорғау мәселесімен өзге министрлік айналысады. Ал, отбасы мәселелерімен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Менің бұл ұсынысым қараусыз қалмайды деп үміттенемін. Ең болмағанда осы мәселелердің бәрін бір министрліктің қарауына береді деп ойлаймын", — деді Зағипа Балиева.
Еске салайық, биыл ақпан айында Балиева министр Ерлан Сағадиевке оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көріп үйренуге кеңес беріп, білім саласындағы қисынсыз реформаларды жүргізбеуге шақырған болатын.