“Қадірменді дос-бауырлар, оқырман қауым! Маған тілеулес әрі дұғада болған әрбір жанға Алланың нұры жаусын! Сіздердің арқаларыңызда болар осылай тез сауығып келе жатқаным. Жаратқан ием, алып та сынайды, беріп те сынайды, дегенмен, қиындықтың бәрі артта, жағдайым бірқалыпты жақсаруда! Аллаға шүкір! Барымызды бағалайық, қайда жүрсек те, асықпай жүріп анық басайық, қазағым”, – деп жазды Ернар.
Есте болса, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні әнші Ернар Айдар продюсерімен бірге жол апатына ұшыраған болатын. Омыртқасы сынған әнші бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ернар біраз уақытқа дейін есін жинай алмады.