Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні орыс қоғамын дүрлікітірп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні орыс қоғамын дүрлікітірп тастады

Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні орыс қоғамын дүрлікітірп тастады

Еліміздің латын әліпбиіне көшуге шындап әзірлене бастағаны көрші елдерге ұнамай қалды. Әсіресе Ресей сарапшылары мен саясаттанушылары күн өткен сайын түрлі өрескел пікірлерді қарша боратуда.

  • 17 Сәуiр 2017
  • 2242
Фото - Caravan.kz

Солардың бір парасына  Caravan.kz медиа-порталы тоқталып өткенді жөн санады.

Латын әліпбиіне өту Қазақстанның ішкі ісі болса да Ресей жазушысы Герман Садулаев жақтырмаған пікірін ашық білдіріпті. Ол kazday.kz сайтында жарияланған толық сұхбатында мынандай сөздер айтқан:

«Осылайша Қазақстан өздерінің болашаққа деген үмітін үзіп отыр. Еуразиялық мәдениеттің орталығы болу мүмкіндігі бар еді, енді латындық Ұлы батыстың, мәңгілік Римнің үшінші сұрыпты мәдени отары болады. Бұл өзіңе, өз халқыңа, өз болашағыңа сатқындық жасау»,- дейді.

Латын алфавиты — өте кедей әліпби.

Қазақ балалалары ағылшын тілін оңай үйренуі үшін дей ме? Бос сөз!

Ресей Ғылым академиясына қарасты Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері Андрей Кибрик болса алфавит ауыстырудың кері салдарын тізіп шығыпты.

russkiymir.rurusskiymir.ru

«Қазақстанның қарапайым тұрғындары үшін жайсыз жағдай қалыптасады. Латын әліпбиіне көшуден көпшілік тек ұтылады.Бір мезгілде көшу тұрғындарды сауатсыздыққа ұшыратады», деп пайымдайды. Оның бұл пікірін Gazeta.ru сайты келтірген.

Ал пікірі politnavigator.net сайтында жарияланған жүйелі стратегиялық талдау Институтының директоры Андрей Фурсов тіптен ызалы екенін сездіріп, сес көрсеткендей. Ол:

patriotikus.rupatriotikus.ru

«Қазақстан мен Қырғызстанның славян алфавитінен бас тартуы Қытайдың ықпалы үстем аймаққа өту дегенді білдіреді. Орта азиялық екі мемлекет қанша жерден батыс әліпбиіне өтсе де, олар ешқашан батыстың бір бөлшегі бола алмайды. Ресей бұған байланысты өз ұстанымын көрсеткен жоқ. Егер екі елдің элитасы Ресей тарапынан қатаң жауап боларын білгенде, олар өздерін бұлай ұстамас еді»,-дейді.


Саясаттанушы Леонид Крутков болса Қазақстанның латын әліпбиін таңдауы орыстілді тұрғындарды шеттету емес, деп жұмсақ бастайды. Ол rt.com сайтында:

«Бұл орыстарды қудалау емес. Қазақтар мемлекет ретінде өздерін қорғап жатыр. Бірақ Қазақстанда орыстарға қысым жасалмайды. Ресей де Қазақстанға ешқақашан қауіпті ел болмайды»,- депті.

Дей тұрғанымен ол да бұдан саяси астар іздегісі келеді. Мәселен:

«Назарбаев үшін әліпби ауыстыру бір жағынан Түркиямен, түркі халықтарымен жақындасу, екіншіден мәдени шекара құру немесе орыс пен қазақ мәдениетін алшақтату»,- деген.

Ал саяси сарапшы Александр Асфаров латын графикасына өту арқылы Қазақстан үкіметі саяси бонус алуды жоспарлап отырса, қарапайым адамдар үшін ешқандай жақсылық күтудің қажеті жоқ. Оларды тек қиындықтар ғана күтіп тұр, деп қорқытады. Сарапшының бұл туралы ойын rt.com сайты жариялады.

Еліміздің шұғыл түрде латын әліпбиіне көшуге әзірлеуіне қатысты тіпті артық пікірлер айтқандардың бірі Ресейлік сайт Snob.ru болатын. Олардың латын әліпбиі үшін қазақтарды "бандерашылар" деп атағаны белгілі.