Сейітқазы Матаевтың жаза мерзімі рақымшылық заңына орай жеңілдетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сейітқазы Матаевтың жаза мерзімі рақымшылық заңына орай жеңілдетілді

Сейітқазы Матаевтың жаза мерзімі рақымшылық заңына орай жеңілдетілді

Каржы жымқыру айыбымен сотталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың өтелмеген жаза мерзімінің жартысы қысқартылды.

  • 18 Сәуiр 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz

"Мекеменің (колония) талап-арызы бойынша Сейітқазы Матаевтың қамауда отыру мерзімінің жартысы азайтылып, екі жыл сегіз айға дейін қысқарды", — деп хабарлады Матаевтың адвокаты Мадина Бакиеваға сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Ол жаза мерзімін азайту туралы шешім сәуірдің басында күшіне енгенін айтады.

2016 жылы 3 қазанда Астана соты Сейітқазы Матаевты "мемлекеттің ақпараттық саясатын насихаттауға бөлінген қаржыны жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деп айыптап, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Сот Матаевты жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім еткен. Сот осындай айыптармен Сейітқазы Матаевтың ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты да соттаған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамаған.

Өткен жылдың соңында апелляциялық сот Матаевтарға шыққан негізгі сот үкімін күшінде қалдырған. Kazakhstan Today ресми агенттігінің хабарлауынша, Сейітқазы Матаевтың жаза мерзімі рақымшылық туралы заң бойынша қысқартылған.


17 сәуірде жергілікті БАҚ "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының департаментінің бұрынғы бастығы, коррупция айыбымен сотталған Қажымұрат Үсеновтің және бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі, ұзақ мерзімге сотталған Мүсілім Өміраевтың рақымшылық заңымен босатылғанын хабарлаған.