Ал желі қолданушылары құттықтап, бақыт тілеп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz. Енді біреулер "Баянды неғыласың? Жас қыздар толып жүр ғой. Әлі де ойланарсың" дегенді де айтыпты.
Бірақ Алагөзов әлдеқашан ойланып қойған. Тіпті бірде Баян туралы: “Ол менің өмірімді өзгертті” деп жазған еді.
Кейін екі ғашық Tengrinews.kz порталына бірлесіп берген сұхбатында өздерінің осы көктемде үйленейін деп жатқандарын айтқан болатын. «Көктемде күн жылыған кезде, бәлкім, мамыр айында тойлайтын шығармыз» деген еді бизнесмен. Ал енді сол Алагөзов айтқан уақыт та жақындап қалды. Оның үстіне Баян жұртқа той көйлегімен көрініп жатыр. Ендеше, көпшілік күткен дүбірлі тойдың да ауылы алыс емес сияқты.