Астанадағы жаңа теміржол вокзалына «Нұрлы Жол» атауы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы жаңа теміржол вокзалына «Нұрлы Жол» атауы берілді

Астанадағы жаңа теміржол вокзалына «Нұрлы Жол» атауы берілді

Астанада салынып жатқан жаңа теміржол вокзалына «Нұрлы Жол» деген атау берілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында хабарланған.

  • 22 Сәуiр 2017
  • 837
Фото - Caravan.kz

Жаңа нысан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында — мамыр айының ортасында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Ал, қазіргі елордасындағы ескі вокзал арқылы күніне 12 мың жолаушы өтуі тиіс болса, онда іс жүзінде 18 мың жолаушыға дейін кіріп-шығады.

Жаңа возкал жобасын сараптау барысында тартылған Buro Happold (Ұлыбритания), Tabanlioglu Architects (Түркия), Jamas (Германия) халықаралық сарапшылар командасы вокзалды теміржолдың үстіне конкорс арқылы орналастыруды қолдады. Бұл өз алдына вокзал ғимаратын жасаудағы соңғы тәсіл өзіндік ноу-хау болып табылады. «Вокзал-көпір жағалаудан біртіндеп көтеріліп, кеңістікті тиімді пайдалануды мақсат еткен.

Вокзал ғимаратының аумағы120 мың шаршы метр. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такилдік жолдар, Брайл әліпбиімен ақпаратты табло, арнайы касса қызмет көрсетеді. Негізгі күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкортттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған. Ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындатады. Жаңбыр суын жинап, оны қасбетті жууға пайдаланып, жақын аумақты көгалдандыруға жұмсалады.