Кеше ержүрек жігітке көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін құрмет грамотасы, сондай-ақ, планшет пен ұялы телефон сыйға берілді.
Марапаттау рәсіміне Білім Министрлігінің өкілдері мен Тимурбек оқитын мектептің ұстаздары шақырылған. Ұстаздар Тимурбектің еңбекқор әрі қарапайым жігіт екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын. Оқушығаосы ерлігі үшін оқу гранты берілген еді.