Су басу қаупі бар аумақта тұрып жатқан астаналықтардың тізімі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су басу қаупі бар аумақта тұрып жатқан астаналықтардың тізімі жасалды

Су басу қаупі бар аумақта тұрып жатқан астаналықтардың тізімі жасалды

Тасқын су ағынының көбеюіне байланысты елордада газ аппаратура зауытының аумағында және ағыс бойынша төмен аймақтарды су басу қаупі туындады, деп хабарлады Астана әкімінің ресми сайты.

  • 27 Сәуiр 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Су басу қаупі пайда болғанын ескере отырып, Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, жергілікті полиция қызметі және ұлттық ұланмен өзара тығыз әрекет ету арқылы су басуы ықтимал аймаққа жатқызылған объектілер мен тұрғын үйлерде жадынама мен хабарламалар тарата отырып, аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Тиісті жұмыстар барысында тұрып жатқандар саны нақтыланып, тізім жасалады.

Бүгінгі күні «КЖБИ» с/қ, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер салу, ЛПУ, Мехток, қарттар үйі ауданы және Газмашаппаратура ауданында өзеннің жаңа арнасының бойымен 10 560 метрлік қашықтықта жаға сызығын бекіту жұмыстары жүргізілді. 20 мың қап құм әзірленіп,  3830 метрге төселді. Су тасқынының алдын алуда 1110 текше метр инертті материалдар және 20 мың дана қап дайындалды. Есіл өзенінің жағажайын бекітуге барлығы 297 адам және 141 дана инженерлік және қосымша техника тартылды.

Қаладағы жағдай тұрақты және бақылануда.