Фируза Шәріпова Астанада өтетін бокс кешінде Қанат Исламның орнына шығуы керек -менеджер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фируза Шәріпова Астанада өтетін бокс кешінде Қанат Исламның орнына шығуы керек -менеджер

Фируза Шәріпова Астанада өтетін бокс кешінде Қанат Исламның орнына шығуы керек -менеджер

[wpcode id="1694287"] Кәсіпқой бокста Қазақстанның атынан шығып жүрген Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Vesti.kz сайтына

  • 27 Сәуiр 2017
  • 498
Фото - Caravan.kz


Кәсіпқой бокста Қазақстанның атынан шығып жүрген Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Vesti.kz сайтына берген сұхбатында өзі жаттықтырып жүрген спортшының қай салмақта өнер көрсетіп жүргенін және әлем чепионы титулын иеленуді жоспарлап жүргенін жеткізді. Сонымен қатар, ол EXPO-2017 өкілдерімен Астанада халықаралық көрме кезінде өтетін бокс кешіне Шәріпованың қатысуы туралы келіссөздердің қалай жүріп жатқандығымен бөлісті.

— Фирузаның қай салмақ дәрежесінде рейтингілік кездесулер өткізіп жүргенін және қай салмақ дәрежесінде титулдық кездесуді жоспарлап жүргенін айтыңызшы?

— Фируза 130 фунт (58,967 келі) салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Рейтингілік жекпе-жектерде командалардың келісімі бойынша салмақ дәрежесі сәл асуы мүмкін. Соңғы кездесуде Фирузаны салмақ қуумен басын қатырмай, оның денсаулығын бір қалыпта ұстау үшін, біз қарсылас командамен артық салмақтың болатынын ескертіп, келісмге келдік. Негізінде Фируза екінші жартылай орта салмақта шығады. Осы салмақ дәрежесінде ол титулдық кездесу өткізеді.

Оның рейтингі жеңіл салмақта да жұдырықтасуына құқығы бар, біздің басты мақсат — фин қызы Ева Вальстрем, ол екінші жартылай орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Біз оның командасына ұсыныс тастадық, алайда ол Фирузаның орнына америкалық спортшы қызды таңдап, 6 мамырда жекпе-жекке шығады. Осы кездесуден кейін, келіссөздер жалғасады.

— Алдағы жекпе-жек туралы айтыңызшы.

— Біз қазір титулдық кездесуге талпынып жатырмыз, себебі Фирузаның рейтингі мен физикалық формасы оған мүмкіндік береді. Сонымен қатар титулдық кездесуде қосымша шығындар болады. WBC санкциясын төлеу қажет, сайланған төрешілерді басқа елдерден алып келу керек, допинг-сынаманы төлеу қажет. Қарсыластың гонорары, олардың сомасы рейтингке байланысты. Титулдық кездесуді ұйымдастыру үшін екі қарсыластың да деңгей жоғары болуы керек.

Біздің бірнеше демеушіміз бар, олар осы жекпе-жекті өткізуге көмектесуге уәде берді, бірақ сөзден іске өту үшін уәде беру аздық етеді. Басында Фирузаның келісімшартқа отырған демеушісі болды, ол өз міндеттерін орындамай бізді қарызға батырып кетті. Сол себепті де біз титулдық кездесу өткізбедік.

— EXPO ұйымдастырушыларымен келіссөздер қалай жүріп жатыр?

— EXPO ұйымдастырушыларымен байланысу өте қиын. Біз күн сайын осы шараға жауапты адаммен байланыс орнатуға тырысып жүрміз, алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Қазіргі уақытта тек ЕХРО ьаспасөз қызметімен байланыса алдық, өзіміздің жоспарымызбен бөлісіп, байланыс номерлерімізді қалдырдық. Кері байланыс әлі келген жоқ Біз қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз, осы шарада Фируза әлем чемпионы атағына таласатын болса халықаралыө көрменің сәнін келтіреді.

Еске салайық, Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі Мәскеу қаласында 27 мамырда өтеді. Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы қарсыласы ресейлік Виктория Котованы 54-ші секундта нокаутқа түсірды.