Видеоны ғаламторға Фима Иванов есімді желі қолданушысы салған, деп хабарлайды Caravan.kz. "Мен қазақпын" деп аталатын бұл юмористік бейнероликтің авторы да сол болса керек. Ол мұнда қазақтың болмысы жайында қалжыңдапты.
Естеріңізге салсақ, осыдан үш жылдай бұрын Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин сынды әншілеріміздің қатысуымен жасалған, "Беш" деп аталатын бейнеролик жұрттың ашуын тудырған болатын. Бірақ кейін ол видео ғаламтордан алынып тасталды. Мына туынды да тура сол сияқты наразылыққа ұшырайын деп тұрған сияқты.