Түркияда конституцияға қатысты референдумның соңғы қорытындылары мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда конституцияға қатысты референдумның соңғы қорытындылары мәлім болды

Түркияда конституцияға қатысты референдумның соңғы қорытындылары мәлім болды

Түркияда конституциялық референдумның соңғы қорытындылары жарияланды. Елдегі Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сади Гювеннің хабарлауынша, референдумда халықтың 51,4% конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаған, ал 48,6% қарсы дауыс берген.

  • 28 Сәуiр 2017
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр. 

Енді Түркия конституциясына 18 түзету енгізіледі. Олар президентті парламент шешімімен емес, тікелей дауыс берумен сайлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, премьер-министр лауазымы қысқартылып, министрлерді тағайындау құқығына президент ие болады. Сонымен бірге, мемлекет басшысы парламентті таратып, төтенше жағдай енгізе алады.

Еске сала кетсек, дауыс беру 16 сәуірде өтті.