"Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы тұрғынүйдің ауласында бойжеткен қыздың мәйіті жатқандығы туралы ақпара полицияға 3 мамыр күні кешкі сағат 19:30-да келіп түсті. Қайтыс болған қыздың кім екені анықталды, ол 1997 жылы туған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін өзі өлтіруге жеткізу) іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", — дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Белгілі болғандай, бойжеткен қыз 21 қабаттың балконынан құлап кеткен. Оның суицид жасаған-жасамағаны анықталып жатыр.
Еске салайық, "Байқоңыр" деп аталатын осынау тұрғынүй кешенінің 22-қабатынан былтыр жазда да 19 жастағы қыз секіріп қайтыс болған еді. Оның алдында тұрғынүй ғимараты өртенген болатын.