Ақтөбеде фермерлер "субсидия ала алмай жүргендеріне" шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде фермерлер "субсидия ала алмай жүргендеріне" шағымданды

Ақтөбеде фермерлер "субсидия ала алмай жүргендеріне" шағымданды

Ақтөбеде бүгін Ақтөбе облысының фермерлері жиналып, 2015 жылдан бері уәделі субсидияны ала алмай жүргендерін айтып, наразылықтарын білді

  • 5 Мамыр 2017
  • 378
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде бүгін Ақтөбе облысының фермерлері жиналып, 2015 жылдан бері уәделі субсидияны ала алмай жүргендерін айтып, наразылықтарын білдірді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ақтөбе облысының түпкір-түпкірінен жиналған отыз шақты фермердің сөзіне қарағанда, олар 2015-2016 жылдары ауыл шаруашылығын қолдайтын түрлі бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие алған.

— 2015 жылы "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 10 миллион теңге несие алғанмын. Оны бізге 14 пайыздық өсіммен берді. Бірақ келісім шарт бойынша мемлекет есебінен бізге субсидия берілуі керек болатын. Екі жылдан бері берілген жоқ. Ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия әне төленеді, міне төленеді деп алдарқатумен келеді, – дейді Ойыл ауданындағы "Мейірім" шаруа қожалығының басшысы Берік Қажекенов.

Алға ауданындағы "Ескендір" шаруа қожалығының иесі Бектұрған Ідірісовтің айтуынша, ол 2015 жылы мемлекеттен 486 мың теңге субсидия алуы керек болған. Демеу қаржы кешіккендіктен фермер несиеге алған қаржысын өз күшімен қайтарған. Онысын шаруа "несие тарихым бүлінбесін, кейін банктер қарыз бермей қояр деп ойладым" деп түсіндірді.


Бектұрған Ідірісов Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан бастап Қазақстанның бас прокуратурасына дейін арызданғанын айтады. Былтыр желтоқсан айында бас прокуратура фермерге "жағдайды бақылауда ұстап отырмыз" деп қана жауап берген.

Мемлекет есебінен берілетін демеу қаржыға қол жеткізе алмай жүрген шаруалар көктемгі егіс қарсаңында қаржыдан қиналып қалғандарын айтып, Ақтөбеге жиналған.