"Алматылық, 1966 жылы туған Түрксіб ауданының тұрғыны, бұрын соңды бернеше рет сотты болған рецидивист. Ол қарақшылық, зорлау және ер адамға қатысты зорлық әрекеттері қылмысын жасағаны үшін тағы да сотты болған. Соңғы рет ол 2017 жылдың қаңтарында түрмеден босап шыққан", — деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның сөзіне қарағанда, осы уақыт бойы ол еш жерде жұмыс істемеген. 9 мамырда ол Орталық зират аумағында екі әйелді тонады. Олар полицияға арызданды. 192-баптың 2-бөлігінің 4-бөлігі (Қарақшылық шабуыл жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні оның тағы бір әйелге шабуыл жасағаны анықталды, алайда ол өз себептерімен оқиғаға қатысты шағым түсірмеген. "Кеше ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп, ол ұсталды. Тұрғылықты мекен жайы бойынша тінту жүргізіліп, дәлелді заттар алынды. Оның ішінде қылмыс құралдары да бар", — деді Салтанат Әзірбек. Күдікті уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.