Хакерлер «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компания серверлеріне шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хакерлер «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компания серверлеріне шабуыл жасады

Хакерлер «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компания серверлеріне шабуыл жасады

[wpcode id="1694287"] Атырау облысындағы «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компанияның серверлеріне хакерлік шабуыл ж

  • 13 Мамыр 2017
  • 429
Фото - Caravan.kz


Атырау облысындағы «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компанияның серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды. Бұл мәліметті компанияның баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлады 24.кз.

Олардың айтуынша, кеше сағат 18:00 шамасында мекеменің ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ішкі серверлерге вирус енгенін анықтаған. Осыған байланысты компанияның почтасы мен ғаламтор желісі уақытша сөндірілді. Қазір мамандар хакерлік шабуылдың салдарын жоюға кіріскен. Естеріңізге сала кетейік, «Қашаған» кенішін барлық еншілес кәсіпорынның атынан «Солтүстік Каспийді игеруші компаниялар тобы» басқарады. Хакерлік шабуыл кеніштегі мұнай өндіру жұмыстарына әсер еткен жоқ. Теңіздің жасанды аралдарындағы өндіріс пен құрлықтағы «Болашақ» мұнайды кешенді өңдеу зауытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар