Дубай әлемдегі ең үлкен әуежай терминалын салады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубай әлемдегі ең үлкен әуежай терминалын салады

Дубай әлемдегі ең үлкен әуежай терминалын салады

Дубай әмірлігі құны 35 млрд доллар болатын жаңа жолаушылар терминалының құрылысын бастады, ол аяқталғаннан кейін әлемдегі ең жоғары өткізу қабілеті бар әуе айлағына айналады

  • 30 Сәуiр
  • 3
Фото: wam

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Дубай халықаралық әуежайынан оңтүстікке қарай 45 км қашықтықта орналасқан Dubai World Central ауданындағы «Әл-Мактум» халықаралық әуежайын (Al Maktoum International Airport, DWC) он жыл ішінде кеңейтуді көздейді. «Әл-Мактум әуежайы» 2010 жылы ашылған және әмірліктегі билеуші Әл-Мактум отбасының атымен аталған. 

БАӘ премьер-министрі және вице-президенті және Дубай билеушісі шейх Мохаммед бен 

Рашид әл-Мактум жексенбіде жаңа терминал қазіргі Дубай халықаралық әуежайынан бес есе үлкен екенін және жылына 260 млн жолаушыға қызмет көрсете алатынын мәлімдеді. 

Құны 128 млрд дирхам ($34,8 млрд) жоба Дубай авиация корпорациясы стратегиясының бөлігі ретінде жүзеге асырылады. Шейх Мохаммед жексенбіде Dubai Aviation Engineering Projects стратегиялық жоспарын қарап шығып, жобаларды мақұлдады. 

Бүгінде Дубай халықаралық әуежайының қала орталығында орналасуы одан әрі кеңейтуді қиындатып отыр. 

«Әл-Мактум» халықаралық әуежайына алдағы жылдары Дубай халықаралық әуежайының барлық жұмысы тапсырылады. 

Әуежайдың қонуға арналған 400 шығаберісі және 5 параллель ұшу-қону жолағы болады. Жоба авиация саласында алғаш рет қолданылатын жаңа авиациялық технологияларды қарастырады. 

«Біз Дубайдың оңтүстігіндегі әуежайдың айналасында тұтас бір қала салып жатқандықтан, миллион адам үшін баспана сұранысы артады. Оған логистика және әуе көлігі саласындағы әлемнің жетекші компаниялары қатысады. Біз болашақ ұрпақ үшін жаңа жобаны құрып жатырмыз, өз кезегінде балаларымыз бен олардың балаларының үздіксіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етеміз. Дубай әлемдік әуежайға, портқа, қалалық желіге және жаңа жаһандық орталыққа айналады», – деп мәлімдеді шейх Мохаммед. 

Құрылыс аяқталғаннан кейін «Әл-Мактум» халықаралық әуежайы Emirates әуе тасымалдаушысының жаңа үйіне айналады.

Соңғы жаңалықтар