Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үй комиссиясының отырысына 260 пәтер ұсынылды. Олар төрт соғыс ардагеріне, 49 жетім балаға, әлеуметтік осал топ категориясына жататын 137 отбасына берілді.
Бұған дейін хабарланғандай, таяуда елорда басшылығы Қазақстанға кірерде баспана алуға ақшалай өтемақы алған репатрианттарды мемлекеттік қор баспанасы кезегінен алып тастауды ұсынған болатын.
Сондай-ақ, баспана кезегінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де тұр. Олар бөлек тізімге тұрғызылады және несиелеудің жеңілдік шарттары ойластырылады. Осылайша, басқарма мамандары кезекте тұрғандар санын екі есе азайтпақ. Бүгінгі күні 45 516 адам коммуналды тұрғын үй қоры баспанасына зәру.