Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман болады. Желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Тек батыс және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

  • 17 Мамыр 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлап отыр.

Қызылорда облысының кей жерлерінде  жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл  облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік болады.

 Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 


Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан  соққан желдің  күші 5-10м/с.  Ауаның  температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +12+14°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші   жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +15+17°С болады.