Балалары үйден шығарып тастаған әкеге жұрт аяушылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалары үйден шығарып тастаған әкеге жұрт аяушылық білдірді

Балалары үйден шығарып тастаған әкеге жұрт аяушылық білдірді

Бұл кісінің подъезде жатқанына екі күн болыпты. Бұл - Алматыдағы жағдай. Әлеуметтік желі қолданушысының жазуынша, оны балалары пәтерден қуып шыққан. 

  • 19 Мамыр 2017
  • 17594
Фото - Caravan.kz

Подъезде жатқан шалдың суретін Фейсбукке Assema Lalo есімді қолданушы салған, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Жақында ғана ол менен екі қабат төменде тұрушы еді. Оны балалары қуып шығыпты. Әжейді қарттар үйіне тапсырған. Ал ата есіктің түбінде жатыр. Ішке кіргізбей қойған. Көршілер солай деп айтты. Мұндай жағдайда не істеу керек? Біріншіден, ол сасып жатыр. Екіншіден, аяйсың. Әкесінің табалдырықта жатқанын біле отырып, балалары қалай тамақ жеп, қалай ұйықтайды екен?!" деп жазады Assema Lalo.