Истаграмдағы ufckaz парақшасында сол Асатрянның қазақ спортшысының жанкүйерлерінің жынына тиетін сөзін жариялады.
Онда ресейлік спортшы: "Мен Қазақстанда өзімді үйімде жүргендей сезінетін боламын. Неге екенін білесіздер ме? Астана трибуналарында 5000 армян болады. 5000 адамның қолдауы мың қазақтың дауысынан әлдеқайда мықты сезіледі. Жалғас та, бәрі де "Барыс Аренада" армяндардың қазақтардан көп болатынын біліп отыр" депті.
Бұл қазақ жанкүйерлерінің намысына тиді. Сөйтіп, бәрі Жалғасқа жеңіс тілеп, Асатрянға қарсы сөздерін қарша боратып жатыр.