"Қазгидромет" еліміздің аймақтарында 23 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде желдің күшейюі күтіледі, күндіз 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с болады. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде — тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұшақ болуы мүмкін.
Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтілуде.
Қарағанды облысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай болады.. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +26+28 °С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +30+32°С болады.