"Қазгидромет" бүгінгі ауа райына осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.
Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысында жел 17-22 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.