"Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды", — делінген хабарламада.
Баспасөз өкілдерінің айтуынша, бұл жеңілідіктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған;
Купе және СВ вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Плацкарт вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.
Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушы бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.