Біршама уақыт бұрын БАҚ беттерінде белгілі продюсер Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовтың арасы суып кетіп, айырылысып тынғаны жөнінде сыбыс желдей есті. Оған себеп болған қос ғашықтың өз іс-әрекеттері еді. Себебі жыл басында ғана арадағы қарым-қатынастары жайлы жалпақ жұртқа жар салған олар көктем шыға күрт тынышталып қалды. Ал желідегі парақшаларында шетелдерде бірге қыдырып жүріп түскен суреттерін бір мезетте күнделікті жұмыс барысындағы көріністер ауыстырса, жақында болатын той мен сезімге толы суреттері әлеуметтік желіде аяқ асты өшіріліп тасталды.
Көпшілік мұны Баянның жұртың назарын өзіне аудару үшін жасалған кезекті амалы деп бағаласа енді бірі шындыққа жауап таба алмай дүдамал күйге түсті.
Сонымен шын мәнінде не болды: олар айырылысты ма әлде жоқ па?
Дегенмен Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Баян Есентаеваның әліде түрлі шараларға жұбымен қатысып, үйіндегі қонақтарды жалғыз қарсы алмайтынын анықтады.
Олар тек бірге түскен суреттерін желіге жарияламауды жөн деп тапса керек. Әйтседе, олардың достарының парақшаларынан соңғы кездері бірге түскен суреттерін тауып алдық. Соған қарағанда олар әлі де бірге және бөлек кетуді жоспарлап та жүрген жоқ.
Мәселен бірнеше апта бұрын Баян Есентаева Instagram-ға белгілі сарапшы нумеролог Клара Күзденбаева мен Владимиир Кузнецовтың қабылдап жатқаны жайлы видео жариялады. Осыдан бастап продюсер жеке өмірін реттеу үшін экстрасенстер мен нумерлогтарды жағалап жүр деген жел сөздер тарады.
Бірақ сол күні екі нумерологта әлеуметтік желіге Есентаева мен Алагөзовтың құшақтасып тұрып түскен суреттерін жариялады және өздерінің Баян мен Тұрсынғалидің үйінде қонақта болғанын әрі олардың сезімдерін байқамай қалу мүмкін еместігін жазған.
Сондай-ақ бірер апта бұрын продюсер Эрик Тастамбековтың парақшасынан Алтынбек Рахметовтың туған күнінде жүрген қос ғашықтың суреттерін кездестіруге болады.
Ал мынау «Бір сен үшін» фильмінің премьерасындағы суреттер. Оған Баян Есентаева жалғыз келгендей сыңай танытқан еді. Бірақ Caravan.kz медиа-порталы продюсердің дәл сол кеште Алагөзовпен бірге жүрген суреттерін қолға түсірді.
Ал мынау Баян Есентаеваның өз парақшасына салған суреті.
Мына парақшаны әлеуметтік желідегі Тұрсынғали Алагөзовтың шын парақшасы деп үйреніп қалған болатынбыз. Әйтседе оның Instagram-нан тағы бір парақшасын тауып алдық. Онда ғашықтардың тіпті ертеректе және соңғы шараларда бірге түскен суреттері бар.