Алматы облысында екі бірдей ауылды су басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі бірдей ауылды су басып қалды

Алматы облысында екі бірдей ауылды су басып қалды

Алматы облысында толассыз жауған жауын кесірінен екі бірдей ауылды су басып, адамдар далаға шыға алмай қалды. Панфилов ауданындағы Әулиеағаш және Көктал ауылдарындағы 12 үй және 53 аула жаңбыр суының астында қалған.

  • 27 Мамыр 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Өткен тәулікте таулы аймақта нөсерлеп жауған жауынның суы ауылға қарай аққан. Тіпті Әулиеағаш ауылындағы Бурақожыр өзені арқылы өтетін көпірді де су шайып кеткен. Халық айналма жол арқылы қатынап жатыр. Қазір жаңбыр суынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

«30 минут бұршақ жауды ең бірінші. 20-30 см болып қалды. Әулиеағаштың үсті. Таудың етегіндегі ауыл бұл. Ел-жұртты аман алып қалдық», – дейді Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев.