ЭКСПО кезінде 6 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО кезінде 6 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді

ЭКСПО кезінде 6 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді

Елордада халықаралық көрме аумағындағы Амфитеатрда ЭКСПО-ға еріктілерді қабылдау шарасы өтті. Оған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты.

  • 5 Маусым 2017
  • 287
Фото - Caravan.kz

Көрмеде жұмыс істеу үшін әр айға 1500 адамнан 4,5 мың ерікті дайындалған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы. 800 ерікті Қазақстан аймақтарынан: Алматыдан — 300, Қарағандыдан – 250, Павлодар мен Қостанайдан – 100, тағы 150 ерікті жақын және алыс 46 шетелден келген. Олардан бөлек, қала аумағында 1500 ерікті жұмыс істейді.  

— Барлығымыз бірге 93 күнді өткіземіз. Бүгін біз үлкен жоба алдында тұрмыз. Бұған дейін Астанаға жылына 800 мың турист келген болса, енді үш ай ішінде 2 миллион мейманды қарсы алатын боламыз. Бұл үлкен жұмыс, сондықтан бізге сіздердің көмектеріңіз, энергияларыңыз аса қажет. Сіздерге сәттілік, қажымас қайрат тілеймін. Сіздер қонақтар риза болып қайту үшін бар білімдеріңіз бен күштеріңізді салатындарыңызға сенемін. 4,5 мың еріктінің барлығы ұйымшыл, әдемі, жанарларында от, жүректерінде патриоттық сезімі бар екенін көріп тұрмын. Ахметжан Смағұлұлы, қала ішінде де 1,5 мың ерікті жұмыс істейтінін жеткізгіміз келеді. Олар тәулік бойы полицияға, емханаларға, әуежайларға, отельдерге көмектесетін болады. Барлығы алты тілді еркін меңгерген. Қала еріктілері ЭКСПО еріктілерімен бірге қоян-қолтық жұмыс істейді деп ойлаймыз. Барлығымыз алдымызға қойған міндетті сәтті орындайтынымызға сенемін, — деді Әсет Исекешев еріктілерге.

Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі 10 маусым күні ашылады.115 ел мен 22 халықаралық ұйым баламалы энергетика мен жасыл технологиядағы өз жетістіктерін көрсететін болады.