Шахан оқиғасына байланысты 5 шенеунікке айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахан оқиғасына байланысты 5 шенеунікке айып тағылды

Шахан оқиғасына байланысты 5 шенеунікке айып тағылды

Қарағанды облысы Шахан елді мекеніндегі жылу қазандығының жарылу фактісі бойынша кенттің әкімі, оның орынбасары, әкімдіктің бас маманы, тұрғын үй шаруашылық бөлімінің екі қызметкері өздерінің жұмысына салғырт қарады деп айып тағылды.

  • 5 Маусым 2017
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

2017 жылы 1 қаңтарда аталған елді-мекендегі жылу қазандығының жарылу салдарынан тоғыз адам опат болып, екі адам зардап шеккен болатын.  Оқиғаға байланысты күдікке ілінгендердің бірінің адвокаты айып тағылған шенеуніктердің ешқайсысы өздеріне кінәсін мойындамай отырғандығын айтты.

«Мен қазір қылмыстық іс материалдарымен танысып жатырмын. Оларға ҚР ҚК «Қызметтегі әрекетсіздік» 370-бабы бойынша айып тағылған», – деді белгілі себептерге байланысты өзінің аты-жөнін атамауды өтінген адвокат.


«Айып тағылған әкімдік қызметкерлерінің барлығы жұмыс істеп жатыр. Оларды ешкім қызметтерінен босатқан жоқ», – деді әкімнің баспасөз қызметі.