Ақпарат министрі Ақтөбеде тура бір жыл бұрын болған лаңкестік құрбандарын еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат министрі Ақтөбеде тура бір жыл бұрын болған лаңкестік құрбандарын еске алды

Ақпарат министрі Ақтөбеде тура бір жыл бұрын болған лаңкестік құрбандарын еске алды

Еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында Ақтөбеде осыдан бір жыл бұрын болған сойқанның құрбандарын еске алды. Сол үшін ол "Есімізде" ("Мы помним") деп аталатын бейнероликті жариялады. 

  • 5 Маусым 2017
  • 762
Фото - Caravan.kz

Видеода сол кезде лаңкестердің қолынан қаза тапқандар туралы айтылады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Мы помним

Posted by
Даурен Абаев
on Sunday, June 4, 2017

Былтыр 5 маусымда Ақтөбеде содырлар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, соның салдарынан 7 адам қаза тапқан болатын. 30  адам жарақат алды. Ал жат ағымның жетегінде кеткен 18 содырдың көзі жойылды.

Кейін қараша айында осы оқиғаға қатысқан 9 лаңкес сотталды. Жетеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылса, екеуі 25 және 22 жыл арқалады.