Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де жалғасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де жалғасады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де жалғасады

Атлантикадан Қазақстанға жаңбыр келе жатыр. 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай деп хабарлады.

  • 6 Маусым 2017
  • 266
Фото - Caravan.kz


Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жаңа атмосфералық фронттар жылжуда. Республика аумағы арқылы жиі және тез қозғалған фронттардың ауысуы — Атлантиканың  тропосферада орныққан ылғалды ауа массасының батыс-шығыстық көшуімен  байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты дауылды жел болады, оңтүстігі және шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болуы мүмкін. Осы ретте ауа тепмературасы климаттық нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде.