Бүгін еліміздің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін еліміздің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 9 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады.

  • 9 Маусым 2017
  • 348
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең  —  тұман болады. Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі. 


Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады.  Ауаның  температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +26+28°С болады.