Қарағанды облысының полицейлері қорықшылар көлігінің өртелгенін теріске шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының полицейлері қорықшылар көлігінің өртелгенін теріске шығарды

Қарағанды облысының полицейлері қорықшылар көлігінің өртелгенін теріске шығарды

Қарағанды облысының полицейлері қорықшылар көлігінің өртелгенін теріске шығарды. Бұл туралы джипі қызыл жалынға оранып, күлге айналған "Ақбөкен" қоғамдық табиғи қорығы (ҚТҚ) Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың өзі әлеуметтік желіде жазды.

  • 9 Маусым 2017
  • 525
Фото - Caravan.kz

Енді осыған қатысты шара қолданып, әрі қарай жасалатын іс-әрекеттерді қарастыру үшін ол 15 маусымда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңесінің жиынын өткізбек, деп хабарлайды Caravan.kz. Марғұлан Сейсенбайдың айтуынша, қазір полиция жалған мәлімет таратқандарды жауапкершілікке тартқалы жатыр екен. 

"Бұрынырақ кейбір БАҚ "Қарағанды облысында браконьерлер өздерін қуған "Ақбөкен" ҚТҚ инспекторларының көлігін атқылап, өртеп кетті" деп хабарлаған еді. Сол машинада болған 5 адам полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізуші мен жолаушылардың айтуынша, 6 маусым күні сағат 18:00 шамасында олар далада бір көліктің шаңдатып кетіп бара жатқанын байқаған. Бұл браконьерлер болуы мүмкін деп ойлаған инспекторлар машинаны артынан қуады. Бірақ оларға жете алмай қалады да, "Ақбөкен" ҚТҚ көлігіне жиналып қалған құрғақ шөптен от тұтанып, өрт соның салдарынан болған. Яғни олардың машинасын ешкім атпаған да, өртемеген де" делінген Қарағанды облыстық ІІД-нің ақпарында.

Естеріңізге салсақ, Марғұлан Сейсембай кеше Ақбөкен" ҚТҚ
көлігін браконьерлер өртеп кеткен
і туралы хабарлаған еді. Кейін осы қорықтың директоры Игорь Милосердов бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді

Перейти к новостям спорта