Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Күләш Домалақова Бердіғұлова жұмысқа шықпаған күні әріптестері іздей бастағанын айтып берді. Облыстық соттың қызметкерлері пәтерге кіріп, жуыну бөлмесінде оның мәйітін тапқан. Бастапқыда ол денсаулығы сыр беріп, қайтыс болған деген нұсқа қарастырылған. Кейін жедел жәрдем шақыртылған, алайда олар өлімге шақырту алмайтынын айтқан. Сондықтан оқиға орнына құқық қорғау органдары шақыртылған. Ал кейін сот-медициналық сараптамадан әйелдің қылғынып өлгенін анықталған.
Жанна Бердіғұлованың пәтерде жалғыз тұрып келгені анықталды. Сонымен қатар, ұсталған күдіктінің ісі бойынша ешқандай да қылмыстық істі оның жүргізбегені белгілі болды.
Осыған дейін Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық істер жөніндегі алқа төрайымы Жанна Бардіқұлова өлі табылғаны хабарланған еді. Бердіқұлованың мәйіті 13 маусымда табылған. Марқұмның әріптестері оның жақындары мен таныстарына көңіл білдіріп жатыр. Жанна Бердіқұлова небәрі 46 жаста болған. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған. Ол қылмысын мойындаған. Жанна Бердіғұлова сот жүйесінде 28 жыл қызмет еткен.