Алматыда МКД тергеушісі айғақ заттарды ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда МКД тергеушісі айғақ заттарды ұрлаған

Алматыда МКД тергеушісі айғақ заттарды ұрлаған

Алматыда МКД тергеушісі айғақ заттарды ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызм

  • 16 Маусым 2017
  • 277
Фото - Caravan.kz

Алматыда МКД тергеушісі айғақ заттарды ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы айғақ заттардың жүйелі түрде жоғалып отырғанын анықтаған. Тексеру барысында департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі бірнеше рет ақша мен алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды. Тергеуші экономикалық контрабандаға қатысты істерді қарағанда камераға айғақ заттарды, атап айтқанда алтын бұйымдар мен ақшаны өткізбеген. Мұндай оқиға бұдан кейін де бір рет қайталанған. Аталған деректер ҚР ҚК 361-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркелді. Қазір күдікті Уақытша оқшаулау орнына 2 айға қамалды.