Басылымның хабарлауынша, ҚР дін істері мен діни ұйымдарға қатысты актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. “Жоба аясында шетелде діни білім алуға қатысты белгілі бір нормалар қарастырылады; көпшілік ортада адамның жүзін жасыратын киімдер киюге тыйым салынады; діни ұйымдарға кімдердің қаржылай көмек көрсетіп отырғаны анықталады; атеистердің құқығы қорғалады, мемлекеттік қызметкерлер діни ұйымдардан шеттетіледі; кәмелет жасына толмағандарды діни ұйымдарға кіргізгендерге қатысты жаза күшейеді”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Бүгінде Қазақстанда 18 конфессия мен 3 658 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақстандықтардың 15%-ы дінді толық ұстанып, оған қатысты барлық парыздарды өтейді. 75% адам өзін діндар адамдардың санатына жатқызғанымен, ешқандай діни парыздарын өтемейді.