Бүгін қасиетті Қадір түні - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін қасиетті Қадір түні

Бүгін қасиетті Қадір түні

Бүгінгі түн - Қадір түні. Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, түндердің ең қасиетті түні - Қадір түні.

  • 21 Маусым 2017
  • 335
Фото - Caravan.kz

Өйткені, бұл түн барша адамзатқа арналған Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған түн. Қадір түні, ол — түндердің ең қайырлысы. Өйткені, хадисте айлардың қайырлысы Рамазан, түндердің қайырлысы Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма күні екені айтылған. Бұл түнді негізінен Рамазан айының соңғы он күнінде, тақ санда іздеу керек.

Көпшілік ғалымдардың ортақ пікірінше, Қадір түні Рамазан айының жиырма жетінші түні болып есептеледі. Құранда бұл түннің артықшылығын түсіндіретін арнайы сүре де бар. Ол сүреде Жаратушы иеміз былай дейді: «Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады» («Қадір» сүресі).

Мүминдер бұл түнді дайындықсыз өткізбеуі тиіс. Өйткені, Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» делінген (Бұхари, Қадір, 1). Бұл түн мың айдан қайырлы болуымен де артықшылыққа ие. Мың ай тура сексен үш жыл, төрт айға тең. Ал бұл өз кезегінде бұрынғы үмбеттердің өмір бойы жинаған сауабын бір түнде алу мүмкіндігі деген сөз.


Қадір түні түнімен құлшылық жасай алмайтындарға ең болмаса тарауих намазынан кейін біршама уақытын дұғаға арнауы керектігі айтылады. Өйткені, бұл түні жасалатын дұғалардың қабыл болатынына деген нық сенім бар.