Ал бас имам мұны жақсылыққа жорып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ораза айт — әрбір мұсылман үшін ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Рамазан айының біткенін білдіретін Ораза айт мейірім, бірлік, амандық пен игілік мерекесі болып саналады.
Әдеттегідей «Нұр Ғасыр» мешітінде ине шаншар жер болмады. Халық айт намазын өткізіп алмауға тырысты. Келген тұрғындарға тегін көже мен бауырсақ таратылды. Ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
«Былтыр сегіз үй тігілсе, биыл 10 киіз үй тұрғызылды. Айт намазы біткен соң күн райы бұзылып, жаңбыр жауып кетті. Бірақ қазақ бәрін жақсылыққа жорыған. Бұл шариғатта дұғадан кейінгі Алланың нұры, тілегіміздің қабыл болғанын білдіретін шығар, — деді «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан.