Айта кетейік, Қазақстанда Елорда күні ресми түрде 6 шілдеде атап өтіледі. Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдедегі демалыс күні 7 шілдеге, жұмаға ауыстырылады. Ал кейінірек қазақстандықтарды әдеттегі екі демалыс күні — сенбі, 8 шілде мен жексенбі, 9 шілде демалыс күндері күтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осылайша, қазақстандықтар Елорда күніне төрт күн қатарынан — 6-9 шілде (бес күндік жұмыс күні болса) күндері демалады.
1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан астанасы Алматыдан сол кезде Ақмола аталған Астанаға ауыстырылған болатын. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі мұндай шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдады.
Сондай-ақ, бұл күн биыл 77 жасқа толуын атап өтетін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне сәйкес келіп тұр.