Қытайда жетістікке жетіп жатқан тағы бір қазақ әншісі Димашқа бәсекелес бола ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жетістікке жетіп жатқан тағы бір қазақ әншісі Димашқа бәсекелес бола ала ма?

Қытайда жетістікке жетіп жатқан тағы бір қазақ әншісі Димашқа бәсекелес бола ала ма?

Әлинұр Сұлтанбаев 18 жаста. Таразда туып өскен. 15 жасында Қытайға оқуға барыпты. Үрімшіде бір жыл оқыған ол елге қайтып келіп, Ақтөбедегі Конфуций институтына түскен. Сөйтіп, қытай тілін үйренуде. Қазір Шанхайдағы Tongji university-де оқиды.

  • 28 Маусым 2017
  • 7455
Фото - Caravan.kz

Әлинұр Қытайдағы Sing China вокалдық байқауында жоғары жетістікке жетіп жатыр. Осыған орай Caravan.kz тілшісі одан сұхбат алған еді.

— Sing China халықаралық байқауына қалай бардыңыз?

— Шамамен үш аптадай бұрын іріктеу туры басталған еді. Байқаудың ұйымдастырушылары оған қатысатындарды университеттерге барып іздеді. Біздің оқу орнынан 400-ге тарта студент қатысқан. Іріктеуден солардың үшеуі ғана өтті. Араларында мен де бармын.

Ал екінші іріктеу кезеңіне бүкіл Шанхайдан 400 мың қытай студенті қатысты. Барлық қатысушылардың арасынан 30 адам іріктеліп шықтық. Енді осы аптаның соңында ақтық сын болады. Одан өтсем, менімен келісім-шарт жасалады. Сол ақтық сынға бар ынтаммен дайындалып жатырмын. Онда қытай және қазақ тілдерінде ән айтамын.

— Димаш Құдайбергенді танисыз ба?

— Онымен жеке таныстығым жоқ. Бірақ өткендегі керемет жетістігінен кейін оны әр қазақстандық қана емес, шетелдіктер де біледі деп ойлаймын.

— Сізді Димашқа бәсекелес деп айтуға бола ма?

— Шынымды айтсам, өзімді ешкіммен, тіпті Димашпен де салыстырғым келмейді.

Әр әртістің өз ерекшелігі бар. Мысалы, Димаш – жоғары диапазонды дауыс иесі. Оның өзгешілігі сонда. Егер Қайрат Нұртасты алсақ, оған эстрадалық вокал өте жақын.

Менің мақсатым өз атағымды шығару емес. Тек Қазақстан әлемге жақсы жағынан таныла түссе екен деймін.

— Ал егер аяқ астынан атағыңыз шықса, оған сіз дайынсыз ба?

— Егер әнді жақсы айтсам, сосын мені бағаласа, неге дайын болмасқа?

— Қытай тілін үйрену қиын болып жатқан жоқ па?

— Қытай тілін оқып жатқаныма үш жыл болды. Оны еркін меңгергенмін. Бәрін түсінемін, сөйлеймін, ән айтамын.