Анаң сені бәрібір кешіреді. Теріс ағымға кетіп, туысынан жерінген келіншектің өкініші - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анаң сені бәрібір кешіреді. Теріс ағымға кетіп, туысынан жерінген келіншектің өкініші

Анаң сені бәрібір кешіреді. Теріс ағымға кетіп, туысынан жерінген келіншектің өкініші

Ғаламторда тура жолдан адасып барып, кейін туған ортасына қайта оралған келіншектің өзі туралы әңгімелеген видеосы жарияланды. Онда жас әйел теріс ағымға кетіп, сол жолда бірнеше рет күйеуге шыққаны туралы айтады.

  • 5 Шiлде 2017
  • 3039
Фото - Caravan.kz

Бұл ақтөбелік келіншекті күйеулері талақ етіп кете беріпті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Үшінші жұбайынан жүкті кезінде оған іштегі 4 айлық баласын алып тастамаса болмайтыны туралы айтылған. Ал күйеуі оған көмектескісі келмей, «Өзің бір шешімін тап» деген.

«Сосын өзімнің әпкелерім, салафи бауырларым деп жүрген адамдардың бәріне хабарластым. Олар шынайы бейнесін көрсетіп, теріс айналды. Одан кейін анама хабарласып, осындай жағдай болып жатқанын айттым. «Маған көмектес. Әйтпесе, менен айырылдым деп есептей бер» дедім. Анам маған банктен ақша алып беріп, іштегі баланы алдыруыма көмектесті. Баланы алдырғаннан кейін ауруханада алты сағаттай жаттым. Қателескенімді сол кезде түсіндім. Алты сағатта алты жыл өмірім көз алдыма келді. Анамнан безінгенім, әкемнен, бауырларымнан безінгенім, оларды «кәпір» дегенім қате екен. Сосын наркоздан оянып, есімді жиғаннан кейін «бұл ағымнан кетемін» деп өз-өзіме сөз бердім. Анамнан жылап тұрып кешірім сұрадым. Анам кешірді. Ал бұрын әке-шешем бауырсақ істесе, оны болмайды деп лақтырып тастайтынмын. Өлген адамға құран бағыштап жатса, тұрып кетіп қалатынмын. «Құран тіріге түскен, сендер адасқансыңдар» деп».

Келіншек осылайша ағынан жарылыпты. Ал мұндайда «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапса егер» деген нақыл сөз еске түседі.  


PS: Бұл материал Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы дайындаған бейнероликтен алынды.