Қала әкімі аулаларды абаттандырудың сапасына баға берді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми интернет-ресурсы.
— Мемлекет басшысы қала тұрғындарының өмірін жақсару, балалар үшін ыңғайлы жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды қолдауға бағытталған тапсырма берді. Сондықтан болар биыл астаналық әкімдік 370 ауланың құрылысын аяқтады. Оған қоса көлік тұрақтары мен өтпежолдар, спорттық, балалар және жастар құрылғылары бар 40 қоғамдық кеңістік іске қосылады», — деді Ә. Исекешев.
Онымен бірге әкім атап өткендей, ағымдағы жылы «Сарыарқа» ауданының аумағында креативті жобаларды іске асыру аясында тұрғын үйлердің 21 ауласын абаттандыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Тілендиев 36 көшесі бойынша жұмыстар аяқталды. 600-ден астам отбасы тұратын тұрғын-үйде спорттық жаттығу құралдары мен балалар ойын кешенін, футбол алаңын орнату және көлік тұрағын абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Тұрғын-үйлердің аумағында асфальт бетонды жабдық және өтпежолдар қайта қалпына келтірілді. Бұндай жұмыстарды 103 аулада іске асыру жоспарлануда. Футбол және баскетбол алаңдары жөндеуден өтіп, жаңартылып, боялды. Шағын сәулет формаларды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыс атқарылды.
Сондай-ақ тұрғын-үйлердің аумағында жарық қою бойынша жұмыс атқарылуда. Бұндай құрылғыларды 103 мекен-жай бойынша орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 33 үйдің аумағында 56 шам қойылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Жыл соңына дейін 105 мекен-жай бойынша жөндеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы 229 тұрғын-үйдің ауласын абаттандыру жоспарлануда. Бұл жұмыстар 2017 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.