Сәтті билетті сәуір айында сатып алған ол Астанаға арнайы келген екен. Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады, деп хабарлайды Elorda.info.
«ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. «Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақыртып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар тапсырды» дейді ол.