Еркектер тірі әйелден гөрі секс-қуыршақты көбірек ұнататын болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркектер тірі әйелден гөрі секс-қуыршақты көбірек ұнататын болған

Еркектер тірі әйелден гөрі секс-қуыршақты көбірек ұнататын болған

Жапонияда жыл сайын резеңкеден жасалған 2 мыңдай секс-қуыршақ сатылады екен. Яғни жапон еркектерінің көбі тірі әйелінен бас тартып, осындай «ойыншықты» ермек қылуға көшкен. Олар тіпті мұндай қуыршақты әйеліндей көреді.

  • 7 Шiлде 2017
  • 19925
Фото - Caravan.kz

Психотерапевт Масаюки Озакидің некедгі жарымен арасы суый бастағанда, ол бұл тығырықтан шығудың ерекше амалын тапқан. Яғни силиконнан жасалған секс-қуыршақты сатып алыпты. Өзінің айтуынша, ол өмірлік махаббатына айналған, деп жазады Bigpicture.ru Daily Mail-ге сілтеме жасап.

45 жастағы Озаки Мая есімді бұл қуыршағымен әйелі мен қызы тұратын үйде бір төсекте жата береді.

«Әйелім қызымды туғаннан кейін біз жыныстық қатынаспен айналысуды мүлдем қойдық. Өзімді сондай жалғыз қалғандай сезіндім. Ал Маяға дүкенде бір көргеннен-ақ ғашық болдым» дейді жігіт ағасы.


Озаки қуыршағын мүгедектер арбасына салып алып жүреді. Жасанды шаш кигізеді. Киім мен қымбат заттар алып береді.

«Маяны алғаш үйге алып келгенімде, әйелім қатты ашуланды. Ал қазір ол бұған көндіккен. Барби қуыршағы еместігін білгенде, бұны қызым да жақтырмай қалған еді» дейді ол.

Қазір Жапонияда Озаки сияқты әйелінен бас тартып, секс-қуыршақпен бірге өмір сүретін еркектер көбейіп кеткен. Оларға ер мен әйел арасындағы дәстүрлі қарым-қатынас ұнамайды екен.