Биыл оңтүстікте "Нұрлы жол" бойынша 16 жаңа мектеп пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл оңтүстікте "Нұрлы жол" бойынша 16 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл оңтүстікте "Нұрлы жол" бойынша 16 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Оңтүстік Қазақстанда "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы бірқатар жұмыстар атқарылды.

  • 7 Шiлде 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама басталған екі жылдың бірінші жылы 324 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 300-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен бірге, 2015 жылы аталған жұмыстарды іске асырып, атқаруда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал өткен жылы "Нұрлы жол" аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілген. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.

Ал биылғы жоспар бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы жаңа жылға дейін жұмысын бастайды деп күтілуде. Аталған нысандар толық аяқталып, халық игілігіне берілгенде, Оңтүстіктегі 12 мың оқушы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептердің орнына сужаңа білім ошақтарында тәлім алатын болады.